![]() мемлекеттік мекемесі " > |
Алматы облысы "Ескелді ауданының Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
![]() |
![]() |
«Ескелді ауданы әкімдігінің Балпық би атындағы орта мектебі»КММ облыстық «Аялы алақан» атты кездесу туралы мәлімет
2019 жылдың 30 қазан күні Алматы облысының білім басқармасының және Ескелді аудандық білім бөлімінің бастамасымен «Ескелді ауданы әкімдігінің Балпық би атындағы орта мектебі»КММ қамқоршылар күніне орай «Аялы алақан» атты облыстық кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты: қамқоршылардың ата-ана махаббат сезімін дамыту, мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, патронаттық тәрбиедегі балалар және қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілдікке, бауырмалдыққа баулу.
Кездесудің басында Алматы облысының білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық органының бөлім басшысы Молотова Алиям Максимовна болса, қонақ ретінде Талдықорған, Текелі, Алакөл, Көксу, Сарқан, Ақсу, Ескелді аудандарының қамқоршы және қорғаншы органдарының мамандарымен, қамқоршылары мен қорғаншылары, патронаттық тәрбиешілер, балалар үйінің өкілдері қатысты.
Кездесудің салтанатты ашылуы Фариза Оңғарсынованың «Жетім баланың монологін» оқумен басталып, облыстағы қамқоршылар мен олардың отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар туралы бейнебаян көрсетіліп, аудандардан келген қатысушылар өз отбасылары туралы баяндап, тәжірибе алмасты. Еңбектері ескеріліп, төл меркелері қарсаңында қамқоршылрға мектеп оқушылары алғыс білдіріп, сый-сыяпаттар тапсырды. Бұл кездесуге аудандық және облыстық БАҚ өкілдері де қатысты.
Қамқоршылардың құрметіне арнап аудан мектептерінің оқушыларының күшімен әзірленген концерттік бағдарламаға ұсынылып, одан әрі ауданымыздың тәжірибелі психолгтері Э. Кудьярова мен К.Жандосованың ұйымдастырыуымен психологиялық тренинг өтті.
Спорт-ынтымақтастандырудың ең басты құралдарының бірі екенін ескеріп, қамқоршылардың отбасының қатысуымен «Анам, әкем және мен» атты отбасылық спорттық шараны дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұйымдастырды. Тартысты доданың соңында жеңімпаздар анықталып, бас жүлдеге Османова Хаваның отбасы ие болды.
Кездесудің соңында мектеп асханасын жалға алушы Н.Мушанованың жеке бастауымен барлық қонақтарға ыстық түскі ас берілді. Кездесуге қатысушылар мен қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіріп жатты.
Мектеп директоры: К.Абдрашев