Қазақша  Русский  
Отдел образования акимата  <br>
Ескелдинского района <br>
Алматинской области
Отдел образования акимата
Ескелдинского района
Алматинской области

Государственные символы Республики Казахстан
eye 

"Ескелді ауданы әкімдігінің Шестаков атындағы орта мектебі мектепге дейінгі шағын орталығымен" КММ

«Ескелді ауданы әкімдігінің Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Қамқоршылық кеңес» құрамы

 
1. Толкынова Ж.К. – зейнеткер – қамқоршылық кеңес төрайымы. 
2. Имангалиев Ж.Т. – жеке кәсіпкер, кеңес мүшесі.
3. Узбеканов Б.С. - Ә/Б -15603 – командирі, кеңес мүшесі. 
4. Клестер Т.В. – үй шаруасында, кеңес мүшесі.  
5. Байсеитова А.А. – үй шаруасында, кеңес мүшесі. 
6. Дорошенко Г.Я. – зейнеткер, кеңес мүшесі. 
7. Чиникенова К.А. – зейнеткер, кеңес мүшесі. 
8. Серкожаева А. – үй шаруасында, кеңес мүшесі. 
9. Криворучко Т.Г. – зейнеткер, кеңес мүшесі.


 

«Ескелді ауданы әкімдігінің Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша қамқоршылық кеңесінің І-ші жарты жылдық есебі 

2018–2019 оқу жылы

            Мектепте қамқоршылық кеңесі құрылған, іс – шара жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілуде, тоғыз адамнан тұратын құрам бекітілген. Кеңес мүшелерін қамқоршылық кеңесінің нормативтік құжатармен және Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағадаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен таныстырылды. «Сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын жағдайлардың алдын алу туралы» мектептегі бұйрықпен таныстырылды. Қамқорлықтағы балаларды санаттары бойынша топтастырып, материалдық қөмекке мұқтаж балаларды анықтап, зерттеу жұмыстары, оқушылардың әлеуметтік картасын толтыру жұмыстары жүргізілді. Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысып, акт жасалды. 
            Оқу жылының басында мектепте жетім балалар мен ата-аналарының қамқорысыз қалған балалар саны 5 оқушы, көпбалалы отбасылардан 60 бала, аз қамтылған жанұялардан – 22 оқушы, сәтсіз отбасыларынан – 2 оқушы. Қамқоршылық кеңес, мектепішілік ата-аналар комитеті және мектеп әкімшілігі бірлесіп, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан және жетім оқушылар санынан  15 баланы мектептегі асхананы жалдау ақысы ретінде тегін ыстық тамақпен қамтамасыздандыру мәселесі шешілді. Сонымен қатар 34 оқушы қосымша жалпыға бірдей білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мектеп асханасының жұмысын бақылау және бракераждық комиссиямен бірлескен түрде мектеп асханасының тағамдарының сапасын тексеруге үнемі қатысып отырады. Мектептің 40 оқушысына республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында кеңсе тауарлары көмек ретінде берілді, 10 оқушыға мектеп формаларын сатып алуға демеушілік көмек көрсетілді,  26 оқушыға киім-кешекпен аяқ киім берілді. 

                   Қамқоршылар Кеңесінің жұмысы барысында 2018 жылдың 17 қарашасында дәстүрге айналған баскетболдан оқушылар арасында Тоқтарбек Төлегенұлын еске алу турнирі өткізілді. Турнирдің ұйымдастырушысы Шестаков атындағы орта мектебі. Турнир демеушісі мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Жанат Төлегенұлы Иманғалиев болды. Баскетболдан өткен турнирдің жүлде қоры 100000 теңгені құрады.

            «Қайырымдылық» марафоны шарасын жүргізуде мектепішілік ата-аналар комитетінің қосқан үлесі мен көмегі зор болды, жалпы мектепішілік ата-аналар комитетінің жиналыстары өткізілді. Мектепте 12.12.2018 ж., «Қамқорлық акция» өткізу барысында 147500 теңге қаражат жиналып, киім кешек, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушыларға қиім кешек және аяқ киім алынды.

               Сонымен қатар, жиналған қаражаттан Мектепшілік жаңа жыл мерекесін өткізу кезінде Қамқоршылық кенесі жұмыс тарапынан мектепті безендіру және қаржылау мәселесін қарастырды. 
               Мектепте ұйымдастырылған барлық іс-шаралар қамқоршылық кеңес ұйымымен бірлесе өткізіледі.
 
               Қамқоршылық кеңес төрайымы: Толкынова Жамиля Кудайбергеновна

 

«Ескелді ауданы әкімдігінің Титов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Ескелді ауданы әкімдігінің Титов атындағы  орта мектебі  мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында Қамқоршылық кеңестің атқарған жұмысы туралы  

 Есебі. 

ҚР Білім және ғылым Министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі  № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің  үлгі қағидаларын» қолданысқа алып, жүзеге асыруды негізге ала отырып, Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құрамының  өзгеруіне байланысты төмендегідей  мүшелер  құрамын ұсынады.

Карипова Айжан Серикхановна  - төрайымы

 Мүшелері:

  1. Жұмабекова Айгул
  2. Ноғайбекова Қамажай
  3. Абылқасымова Айгүл Серіккажанова
  4. Қалиқанова Айнагүл
  5. Пацукова Наталия Михайловна 
  6. Никульшина  Ирина   Сергеевна   
  7. Әмірбекова  Гүлзада  Калеловна
  8. Ковалева Юля  Юревна              

Ұсыныс бір ауыздан  қолданды және сайланды.                                                                       

          Жоспар құрылып, жоспар бойынша  жұмыс жүргізілуде. Мектепте   бірінші жарты  жылдықта  қамқоршылық кеңес мүшелерінің отырысы  екі рет болды. Республикалық    «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік  жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға , жетім, жартылай жетім, көп балалы жанұя балаларына  жекелеген ата-аналар мен мұғалімдер өз көмектерін берді. 80 мың теңге көлемінде жиналған қаржыны  қамқоршылар кеңес мүшелерінің  қатысуымен   оқушыларға аяқ  киім, спорттық киім, мектеп формасы, оқу құралдары берілді. Биылғы оқу жылында жаңадан ашылған  акт залының перделері  демеушілер көмегімен  тігілді. Ата-аналардың қолдауымен өткен іс-шаралардың бірі «Күзгі жәрменке». Жәрменкеде әр сынып бау-бақша өнімдерің саудалағаннан  қаржыға  корей  ұлттық орталығының көйлектері жаңартылды.  Қамқоршылық кеңес мүшелері  мектепте өткен іс-шараларға қатысып отырады.  Балаларға арналған  жаңа жыл шыршасына  демеушілік жасаған азаматтар арқасында 30кг.конфет алынып, аяз ата  қапшығына салынды.                                                                                                  Қамқоршылар кеңесінің  жұмысы мектеп өмірінің  көптеген  мәселелерін шешуге, ең бастысы баланың мүддесін  қорғауда үлкен қолдау.

            

 

             Қамқошылық кеңес төрайымы                                 Карипова А.С.   

              Хатшы                                                                        Абылкасымова А.С.

 

 

 

Ш.Уәлиханов атындағы ОМГ

ҚР «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп –гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің 2018-2019 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің І-жарты жылдықтағы атқарған жұмыстары туралы есебі.

        Жаңа оқу жылының басында қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен жиын өткізілді. Жиын барысында сөз алған мектеп директоры Ә.Тазабеков «Қамқоршылық» кеңесі мүшелері мен ата-аналар комитетінің алдында 8-ші  гимназия сыныбы, яғни аудан бойынша жалғыз біздің мектеп Пилоттық жобаға эксперимент сынып ретінде енгізілгенін қуана жеткізді. Себебі, бұл сыныпта оқитын оқушылар биология, информатика пәндерін үш тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқып, білім алатынын айтты. Сонымен бірге осы пәндерден сабақ беретін пән мұғалімдері бір жыл бұрын дайындық курстарынан өтіп білімдерін жетілдіріп келгенін жеткізді. Қазіргі таңда пән мұғалімдері мен сынып оқушылары жаңа оқу жылында білім алуға толығымен сақадай сай тұрғанын айта келе, жақсы нәтиже көрсетеді деп пән мұғалімдеріне зор сенім артып, эксперимент жұмыстарының оңай емес екенін және оқушыларға да оңай болмайтынын тілге тиек етті. Сөз соңында алдағы болатын жұмыстарына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

      Күн тәртібіндегі мәселе бойынша келесі сөз кезегін мектеп директорының орынбасары З.Ғ.Жетпісбаева алып, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің жалпы ережелерімен таныстырды. Пилоттық мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (09.04.2016 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, аталған «ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің Ережелерін (5-11-сыныптар)», білім беру ұйымдарының жарғыларын және білім беру саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алатынын атап өтті. «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 556 бұйрығы пилоттық мектептерді ашуға негіз болып отырғанын айтты. Пилоттық мектеп туралы түсінік берді. Пилоттық мектептердің мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып өтіп, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға арнайы тоқталды. Оның ішінде Пилоттық жобаны мамандармен қамтамасыз ету, жобаны институционалдық қолдау, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып өтті. Пилоттық мектептердегі оқу процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындап берді. Пилоттық жоба жетекшісінің және шығармашылық топ мүшелерінің міндеттерімен таныстырды.

         Үшінші жарыс сөзге «Қамқоршылық» кеңесінің төрайымы Б.Қостаева Пилоттық жоба бойынша өзінің пікірін білдірді.  Өз сөзінде мұндай жоба біздің мектеп үшін өте үлкен сынақ екенін және ауданның білім бөлімі осындай зор сенім артып отырғанда аянып қалуға болмайтынын айта келе, біздің мектептің пән мұғалімдері мен эксперимент сыныптардың алып кететінін сенімді түрде жеткізді. Себебі, бұған дейін де мұндай жобалардың талайы болғанын және сол кездерде жақсы нәтиже көрсеткенін жеткізді. Сол үшін де еш алаңдамауға, бәрі ойдағыдай орындалатынын айтып ұстаздарға шабыт сыйлап бір ауыздан Пилоттық жобаны қолдайтынын жеткізді.

       Сонымен бірге қамқоршылық кеңесінің құрамын көбейту жайлы да кездесу ұйымдастырдық. Осы жиын барысында  мектеп директоры Ә.Ұ.Тазабеков сөз алды, ол өз сөзінде былтырғы оқу жылында қамқоршылық кеңесінде 5 адам жұмыс жасағын және былтырғы жұмыс жасаған мүшелердің құрамы өзгергенін айта келе биылғы оқу жылында қамқоршылық кеңесі мүшелеріне тағы 4 адам қосып, жалпы саны қамқоршылық кеңесіне 9 адамды мүше етіп бекітуді ұсынды.

                Себебі, ҚР БҒМ 27.07.2017 ж №355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің жаңа үлгілік қағидаларымен таныстырып өтті. Сонымен бірге қамқоршылық кеңестің мақсаты: жарғылық қызметтерді жүзеге асыруға, БҰ материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуын, сондай –ақ БҰ шотына түскен қайырымдылық көмектің жұмсалуын қоғамдық бақылауда ұстау екенін жеткізді. Отырыс барысында қатысқан адамдардың барлығы бір ауыздан қолдап, төмендегі адамдар «Қамқоршылық» кеңесінің мүшелері болып бекітілді.

  1. Қостаева Ботагөз Қырықбаевна - жеке кәсіпкер, асхана жалдаушысы, «Қамқоршылық кеңесі» төрайымы.
  2. Касенова Мадина Болатовна – Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің, Заң қызметі бөлімінің басшысы 
  3. Дарбасова Әсемгүл Төлеуқызы – Ескелді ауданының денсаулық сақтау бөлімінің медбикесі.
  4. Омарбаев Ильяс Садуақасович- АІІБ-нің ЖПҚ-нің ЮПТ-ң инспекторы, полиция аға лейтенанты
  5. Әлімғазина Жібек Қайсановна – зейнеткер ұстаз
  6. Жұпарымбет Әбжәли –Талдықорған қаласы «Көктал» шағын ауданында «Көктал» мешітінің найб имамы
  7. Танабаева Мөлдір Уалихановна – Ескелді ауданының ветеринария бөлімінің бас маманы
  8. Балтабаева Гульсим Абеновна- Ескелді ауданының білім бөлімінің есепшісі.
  9. Меңлібаев Есболат Мәткаримович- зейнеткер ұстаз.

        Екінші жарыс сөзге шыққан «Қамқоршылық» кеңесі төрайымы Б.Қостаева мектеп директоры Ә.Тазабековтың ұсынысын, кеңес мүшелерімен ақылдаса келе қабыл алғанын жеткізіп, рахметін айтты. Себебі: кеңес жұмысы өте ауқымды және жауапкершілікті талап ететін жеткізіп, еңбек ету арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын баса айтты. Себебі оқушыларға әлеуметтік –мәдени, сауықтыру және дамыту іс –шараларын өткізуде БҰ көмек көрсету, сапалы білім алуға ықпал жасау, білім алушыларды оқытудың, тәрбиелеу мен қамтамасыз етудің жайлы, қауіпсіз ортасын құру үшін жұмыла жұмыс жасау керектігін атап айтты.  

      Сонымен қатар 2018-2019 оқу жылына «Қамқоршылық кеңесі»  жұмыс жоспарын бекіту ұсынылды. Себебі былтырғы оқу жылындағы жауапты тұлғалардың біразы ауысқандықтан жаңадан келген тұлғаларға атқаратын жұмыстарын таныстыра отырып жаңа оқу жылына қайта жұмыс жоспары бірауыздан қабылданып, мектеп директорымен бекітілді.

         2018-2019 оқу жылында жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін «Мектепке жол» акциясы туралы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Умарханов сөз алып, қамқоршылық кеңесінің алдында есеп берді. Яғни «Мектепке жол» акциясы бойынша тамыз айынан қызу жұмыс жүргізілгенін айтып, демеушілер қол ұшын созып жағдайы төмен, аз қамтылған, жетім балалар мен көп балалы отбасыларына көмек көрсетілгенін жеткізді.

     ЖББА есебінен 66 оқушы мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілсе, кәсіпкерлер тарапынан да көмектер көрсетілді.

      Мектепте 12 демеушіміз анықталып жалпы соммасы 169700 тг қаржылай және заттай жиналды. Оның ішінде 104200 тг қаржылай және 65500 тг заттай болды. Акция барысында 130800 тг 25 оқушыға мектеп формасы, спорттық киім, құрал-жабдықтар алынып берілді.    

 Сонымен бірге 12000 тг қоқыс салатын жәшіктер алынса. Қазіргі уақытта 169700 тг-ден  26900тг қайырымдылықтың шотында қалды.            

       Айта кететін жағдай мектептің материалдық техникалық базасын жаңарту жағдайында мектепке кәсіпкерлерді, демеушілерді тарту арқылы кез келген кабинетті, не болмаса мектептің кіре беріс жерлеріне жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін көмек керек екенін жеткізді. Ол үшін осындай қайырымдылық іс-шараларын өткізу арқылы, түскен қаржыны қамқоршылық кеңесінің шешімі мен білім беру ұйымының материалдық –техникалық базасын жетілдіруге, спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға жұмсау арқылы жұмыстарды жүргізуге болатынын жеткізді. Сонымен бірге қыркүйек айының 29-ы күні 2-10 сыныптардың арасында жәрмеңке өтті. Яғни жәрмеңкеге ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер қатысты. Жәрмеңкеден 55700 тг қаржылай ақша жиналып, қайырымдылық шотына салынды. Жалпы соммасы 82600 тг құрады.    

     Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өздерінің ойын айтып, қолдайтынын жеткізді. Себебі қазіргі уақытта республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы мөлшері жеткіліксіз болғандықтан, осындай жолдармен мектептің ішкі жаңарту жұмыстарын жүргізуге болатынын айтты.

түсті

Шыққан шығын

Қандай іс шараларға жұмсалды

қалдық

 

 

225400 тг

 

 

130800 тг

25 оқушыға мектеп формасы, спорттық киім, азық-түлік, құрал-жабдықтар алынып берілді.

 

 

82600 тг

 

 

12000 тг

қоқыс салатын жәшіктер алынды

       Мектептің әлеуметтік педагогі Н.Тасыбаева сөз алып, сынып жетекшілердің сұранысы бойынша көпбалалы отбасынан шыққан 7а сынып оқушысы Барсаева Назеркеге дене шынықтыру сабағында ұстайтын спорттық барсетка және Ешмұхамбетова Ақмаралға қыстық куртка, 7б сыныбында оқитын Ерназар Әлібекке қыстық куртка алынып берілгені туралы есебін берді. Жалпы соммасы 25000 теңгені құрады. Аталған оқушыларға киім –кешек қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша берілді.                   

        Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Умарханов Д мектептің материалдық техникалық базасына жұмсалған қаржы туралы баяндады. Шұбар ауылында өткізілген рухани жаңғыру іс-шарасына облыстан рухани керуен келді, аталған іс-шараға облыстан қонақтар келіп қатысты, осы шараға букет гүл алынғанын және мектепке мемлекеттік стандарттың орындалуына арналған ақпарат стенді жасалғаны және мектептегі дәретхананың есіктеріне ұл, қыздарға арналған белгілер орнатылғандығы туралы баяндады. 

     Сонымен бірге қазан айының 12-і күні Айдар Қарақат, Жансаяның ата-анасы қайырымдылық қорына 20 мың тг ақшалай салып, қайырымдылық іс-шарасына өзінің үлесін қосқанын жеткізді. Жалпы соммасы 102600 тг қайырымдылық қорында, оның 41 мың тг әр түрлі шараларға жұмсалғандығы және қазіргі уақытта 61600 тг қайырымдылық қорында тұрғанын жеткізді.

түсті

Шыққан шығын

Қандай іс шараларға жұмсалды

қалдық

 

102600

 

41000

  1. Рухани жаңғыруға арналған іс-шараға 3500 тг букет гүл алынды.
  2. Мектеп дәретханасына арналған ұл,қыз белгілерін жасатуға 4500 тг жұмсалды.
  3. Ешмұхамбетова А 13 мың тг қыстық куртка, Ерназар Ә 10000 тг күздік куртка, Барсаева Н 2000 тг барсетка алынып берілді.
  4. Мектепке мемлекеттік стандарт іс-құжаттарына арналған стенд 8000 тг жасалды.

 

61600

 

 

    Мектептің материалдық техникалық базасын нығайту және жаңарту жұмыстары бойынша қайырымдылық қорындағы қаржы мөлшері қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша, мектеп қақпасына жол белгісін жасап орнатуға,  мектептің 1-ші қабатына атаулы мерекелерде оқушылардың шығарған  газет, плакат жұмыстарын ілу үшін стенд жасау үшін оракл, клей алу үшін қаржы керек екенін жеткізе отырып, қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша осы жұмыстарға қаржылай жұмсалғанын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Умарханов өз сөзінде айтып өтті.            

     Аудан көлемінде Елбасының рухани жаңғыру мақаласы аясында жоба жарысына мектебіміздің 10-шы сынып оқушылары қатысты. Шараға қажетті байқау жұмыстарын ережеге сай орындау барысында қаржы керек болғандығы белгілі болды, осыған орай қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша қаржы жұмсалды. Атап айтсақ түрлі-түсті сурет шығару үшін және музыка жаздыруға, альбом алу үшін және 16-шы желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мектебімізде істейтін, желтоқсан оқиғасының куәгері Г.Қанайбекқызына арнап гүл шоғына және  жаңа жыл шыршасын өткізу үшін қажетті батарейка, шеге, персонаждардың түскі асына және жетім оқушыға сыйлыққа, ақ қағаз алуға қаржылай жұмсалғанын Д.Умарханов айтып өтті. Сонымен бірге  мектебіміздің жарық жөндеушісі қайырымдылық қорына 2000 тг ақшалай көмегін көрсеткенін атап айтты.

түсті

Шыққан шығын

Қандай іс шараларға жұмсалды

қалдық

 

 

61600 тг

 

 

33160 тг

  1. Жол белгісіне арналған краскаға 500 тг алынды.
  2. Стенд жасауға оракл, клейге 4000 тг жұмсалды.
  3. Рухани жаңғыру жобасына түрлі-түсті қағаз альбом шығаруға 2600, музыка жаздыруға -5000т, 5000 т альбомға  жұмсалды,
  4. Тәуелсіздік күні мерекесінде гүл шоғына 2000 тг жұмсалды.
  5. Жаңа жылдық шыршада батарейка, шеге және персонаждарға түскі асына -7610 т жұмсалды,
  6. Ақ қағаз 2 пачка – 2600 тг
  7. Жаңа жылда жетім оқушыға сыйлыққа 3850т жұмсалды.

 

 

30440 тг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                 Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:                            Қостаева Б.Қ

         

Алматы облысы "Ескелді ауданы әкімдігінің Жетісу орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

2018-2019 оқу жылы Қамқоршылық кеңесінің жарты жылдық есебі

Ескелді ауданы Жетісу орта мектебінде 2017 жылдан бастап "Қамқоршылық кеңесі" құрылып, жоспарға сай жұмыстар жүргізуде.

Жыл бойында Қамқоршылық кеңесінің жұмысында алға қойған мақсаттарына сәйкес бірнеше жұмыстар ұйымдастырылып,оқушыларға рухани-әлеуметтік көмек берілді.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясының барысында «Қамқоршылық кеңесі» ұйымы ауылдағы 15 шаруа қожалықтарының басшыларын жиналысқа тартып, жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларды жаңа оқу жылының дайындық кезеңінде материалдық көмек көрсетуіне ықпал жасады. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлер копбалалы отбасының мектеп жасындағы 3-4 баласы бар 12-отбасына, аз қамтылған отбасынан шыққан 15-оқушыға демеушілік көрсетіп, мектеп формасы, оқу құралдарымен, азық-түлікпен көмек көрсетті.

2018 жылы 13-желтоқсан күні мектебімізде «Рухани жаңғыру» аясында «Менің мектебім-өзіңнен баста!» қайырымдылық акциясы өткізілді. Қайырымдылық акциясына байырғы мектеп түлектері, ауыл азаматтары, жеке кәсіпкерлері демеушілік көрсетті.

Демеушілер мектеп оқушыларына «Жасыл шырша-2019» мерекесін ұйымдастыруына зор үлесін қосты. Мерекеге арналған тәттілер,сыйлықтар және ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін сыйға тартты.

Мектебіміздің Би үйірмесіне қатысып жүрген оқушы қыздарымызға 20 ұлттық костюмдерін 40000теңгеге тіккізіп берді. Салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жеке кәсіпкерлер 50 000 теңге көлемінде 10 волейболдық доп,10 баскетболдық доп, обруч, жаттығу матрацтарын оқушыларымызға тарту етті.

Көпбалалы,жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға жылы киімдер мен жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады.Шыққан шығыс көлемі 45 мың теңгені құрады.

Акцияға ата-аналар қауымы да белсене қатысты. Ата – аналар жомарттық танытып, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға оқушы формасын, сөмке, аяқ киім және оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз етті. Осы аталған заттар 35 мың теңгеге алынды. Қайырымды жандар біріксе, кез-келген ауыртпалықты жеңуге болады екен.

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері акция барысындағы жиналған қаражаттың есебін жүргізді.Тауар чектер арқылы жалпы соммасын есептеп, 170000 теңге жұмсалғаны анықталды.Қайырымдылық акциясы өз мәнінде өткізілді.

Алғыс айту мерекесіне орай қамқоршылық кеңесі, Білім бөлімі, Төлеңгіт ауылдық округінің әкімдігі бірлесіп, дәстүрге арналған үлкен мереке өткізді. Салтанатты жиында мектептің өміріне белсенді атсалысқан жеке кәсіпкерлер мен ауыл азаматтары Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар берілді. Балпық би орта мектебінде оқитын оқушыларды өз қарамағында тәрбиелеп отырған балалардың қамқоршылары Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қамқоршылық кеңес мектеп пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас құралы болуы қажет. "Қамқоршылық кеңестің" жұмысы әлі де жалғасын табады деп сенім білдіремін.

Жетісу ОМ-нің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі: Ж.Т.Толқынбекова

«Ескелді ауданы әкімдігінің Жаңалық негізгі орта мектебі МДШО» КММ бойынша қамқоршылық кеңесінің І жарты жылдық есебі 2018-2019 оқу жылы

«Ескелді ауданы әкімдігінің Жаңалық негізгі орта мектебі МДШО» КММ бойынша қамқоршылық кеңесінің І жарты жылдық есебі
2018-2019 оқу жылы
Қамқоршылық кеңесі тоғыз адамнан тұратын құрамы мен жоспары құрылып, жоспар бойынша жұмыс жүргізілуде.Жоспар бойынша қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізіліп, жұмыстар талқыланып отырылды. Мектеп бойынша толық есмес отбасы әкесі жоқ 3 жанұя бала саны – 6, анасы жоқ – 1 отбасы, 1 бала, аз қамтылған отбасы- 6, оқушы саны – 10, көп балалы отбасы – 15, ондағы оқушы саны – 32 бар. 2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында осы аталған оқушылардың ішінен ЖББҚ- нан 25 оқушыға оқу-құралддары, қыстық киім кешек, аяқ киім берілді. Қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып түскен қаражатқа мектепке қажетті құралдар /радио микрафон, музыкалық апаратураның күрделі жөнделуі / Сонымен қатар балалардың ең сүйіп күтетін Жаңа жыл мерекесі. Жаңа жыл ертеңгіліктерінде түрлі тәттілер, сыйлықтар таратылды, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына керекті киімдер, оқу құралдары алынып берілді. Алдабергенов ауылдық округінің мешітінен екі оқушыға киім-кешек ретінде көмек берілді.
«Мектепке жол" акциясы бойынша күн көрісі төмен отбасы балаларының жаңа оқу жылына дайындауға мектептің 2 – сынып оқушысы Тұрсынбаева Аяулымға музей тарапынан қайырымдылық көмек көрсетілді.
Мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қаражат жиналып екі оқушыға көмек берілді.
29 қазан «Қамқоршылар күнінде» , «Аялы алақан» атты сыныптан тыс шара ұйымдастырылды. (Концерттік бағдарлама,спорттық шаралар) өткізілді.
көрсетілді.Мектептегі қамқоршылық кеңесі мектептің әр түрлі ішкі және сыртқы қоғамдық жұмыстарына да әрқашан араласып, мектеп ұжымымен байланыста болады.
Қамқоршылық кеңесі төрайымы: 29 қазан «Қамқоршылар күнінде» , «Аялы алақан» атты сыныптан тыс шара ұйымдастырылды. (Концерттік бағдарлама,спорттық шаралар)өткізілді.
көрсетілді.Мектептегі қамқоршылық кеңесі мектептің әр түрлі ішкі және сыртқы қоғамдық жұмыстарына да әрқашан араласып, мектеп ұжымымен байланыста болады.
Қамқоршылық кеңесі төрайымы: Матенова Сабира Куанбаевна



КГУ "Основная средняя школа Жаналык с ДМЦ акимата Ескельдинского района "
Отчет попечительского совета за I полугодие
2018-2019 учебный год
Состав и план работы попечительского совета составляет девять человек, ведется работа по плану.По плану было проведено заседание попечительского совета, на котором были обсуждены работы. По школе 3 семьи без отца детей – 6, без матери-1 Семья, 1 ребенок, малообеспеченная семья - 6, количество учащихся – 10, многодетных семей – 15, количество учащихся – 32. В I полугодии 2018-2019 учебного года из данных учащихся из ОСО 25 учащимся были выданы учебные пособия, зимняя одежда, обувь. На средства, которые были организованы благотворительные акции, были приобретены необходимые школьные принадлежности (радио микрафон, капитальный ремонт музыкальной аппаратуры), а также самый любимый новогодний праздник для детей. На новогодние утренники были розданы сладости, подарки, детям из малообеспеченных и многодетных семей была приобретена одежда, учебники. Из мечети Алдабергеновского сельского округа двум ученикам была оказана помощь в виде одежды.
В рамках акции" Дорога в школу " была оказана благотворительная помощь ученице 2 класса школы Турсынбаевой Аяулым для подготовки детей из малообеспеченных семей к новому учебному году.
Учителя школы приняли активное участие в акции оказали помощь двум ученикам.
29 октября в День опекуна было организовано внеклассное мероприятие» Аялы алақан«. (Концертная программа, спортивные мероприятия).
была оказана.Попечительский совет школы всегда участвует в различных внутренних и внешних общественных работах школы, поддерживает связь с коллективом школы.
Председатель попечительского совета: 29 октября было проведено внеклассное мероприятие «День опекуна» , «Аялы алақан». (Концертная программа, спортивные мероприятия).
была оказана.Попечительский совет школы всегда участвует в различных внутренних и внешних общественных работах школы, поддерживает связь с коллективом школы.
Председатель попечительского совета: Матенова Сабира Куанбаевна

 

«Ескелді ауданы әкімдігінің Жаңалық негізгі орта мектебі МДШО» КММ бойынша «Қамқоршылық кеңес» құрамы
1.Матенова Сабира Куанбаевна - шаруа қожалығы, ата-ана,қамқоршылық кеңес төрайымы;
2.Кашкинбаева Гүлбану Болысбековна - пошта қызметкері, ата-ана, кеңес мүшесі;
3.Мерезенова Гүльназ Далбаевна - үй шаруасында, ата-ана, кеңес мүшесі;
4.Шегебаева Арайлым Айтказыевна - теміржол станция қызметкері, кеңес мүшесі;
5.Кунекбаева Базаргул - зауыт қызметкері, ата-ана,кеңес мүшесі;
6.Байсаринова Анар - үй шаруасында, ата-ана, кеңес мүшесі;
7.Абитова Салтанат - ата-ана, кеңес мүшесі;
8.Ырысақын Бағдат - шаруа қожалығы, ата-ана, кеңес мүшесі;
9.Дуйсенбинов Женыс - полиция қызметкері, кеңес мүшесі.

«Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

«Ескелді ауданы әкімдігінің Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Қамқоршылық кеңесінің

2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыс

ЕСЕБІ

 

Құрметті ата-аналар, құрметті азаматтармен, азаматшылар!

Бүгін міне өздерінізбен тағыда бір жақсылықта кездесіп отырмыз.

«Жетім көрсең, жебей жүр»-демекші бүгін кезекті «Қайырымдылық Марафонды» өткізіп, өздеріңіздің алдарынызда атсалысқан азаматтарға рахметімізді айтып атқарған жұмыстарымызды айтып өткенді жөн көрдік.

Алдымен өткен жылдарға шолу:

2017- Мансуров Т.Н. мектепке спорттық құралдар (теннис ойнайтын стол)

           алып берді және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға 12

           қыстық аяқ қиым сыйлады.

           «ЭКСПО-2017» үш бала барды.

           Оханов Мади – 15 шырша отіргізді мектеп ауласына;

           Карипов Қ.А. – 50000 ға балабақшаға ойыншықтар алып берді.

2017-2018 оқу жылында - Карипов Қайрат 50000 т. балабақшаның  жылу

            жүйесін нығайтті.

           Асхана арендаторы  Чуйкенбаева  Әлияның көмегімен  25 балаға жаңа

           жылдық сыйлықтар (конфеттер) 50 000 тенгеге берілді.

          2017-2018 оқу жылының І-ші жартыжылдығында қамқоршылық

           кеңестің, ұйымдастыруымен мектеп әкімшілігінің қолдауымен 18

           «ШҚ»   шақырылып,   акциялар,  марафон өткізілді.   146 900  теңге

           ақшалай  түстіп, қажетті бағыттарға жұмсалынды.  

Оның  ішінде :

  • 18 000 теңгесіне киім алынды.
  • 28900 теңгесіне мектеп қабырғасына стендтер жаңартылды.
  • 50000 жылу жұйесі нығайтылды.

Екінші жарты жылдықта Акция «ЗАБОТА - 2018» өтті.  Оның барысында қаржылай 84 000 тенге түсті. Қамқоршылық кеңестің шешуімен қажетті бағыттарға бөлінді:

  • терезе перделер алынды – 23 830 т.
  • балалар мерекесіне (форма) – 53 500 т
  • стенд – 5000
  • электр. жөндеуіне (автомат) – 1750 т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру ережесі бойынша 2017-2018 оқу жылының басында № 136 бұйрік пен 05.09.2017 ж. Қамқоршылық кеңес қайта құрылып мүшелерінің саны қосылды.

  Құрамында 11 адам тіркелді. Олар үш секцияға бөлінді:

  • Әлеуметтік секция -        басшысы:   Ғылымқан Мәуліт

                                           мүшелері:  Киябекова А.

                                                               Салкынбеков Ш.А.

  • Саяси секция -                 басшысы:    Оханов С.С.

                                          мүшелері:    Мансуров Т.Н.

  • Экономикалық секция - басшысы:     Карипов Қ.О.

                                          мүшелері:    Муртазалиев М.

                                                              

   Төрайымы болып - Коптлеуова Г.М., орынбасары – Нугманов Е.Б., хатшысы - Диханбаева М.А. қайта сайланды.

   Қамқоршылық кеңесі мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып және шаруашылық қожалықтардың, мектеп түлектерінің көмегімен төмендегі  іс-шаралар атқарды. Атап шықсақ:

1. Әлеуметтік бағытында:

    -  Ерекше назарда жетім балалр болды. Олар:- 1 (Озат Айсауле)

    -  Көп балалы жанұядан – 11 оқушы

    -  Жағдайы төмен отбасыларынан – 53 оқушы

    -  Жалғыз әкесімен өсіп келе жатқан балалар саны  - 3 оқушы

    -  Жалғыз анасымен өсіп келе жатқан балалар саны -5  оқушы

    -  Толық емес отбасынан – 2 оқушы

   Бюджет тарапынан 112 456 теңге жұмсалды, жазғы лагерьге 130 бала қатысты 30 000 тенге жұмсалды. Мектептен тыс жазғы лагерьге 10 оқушы барды. Асхана арендаторы  Чуйкенбаева  Әлияның көмегімен  25 балаға жаңа жылдық сыйлықтар (конфеттер) 50 000 тенгеге берілді.

   Ескелді ауданының әкімшілігінен 3 сыйлық, жұмсақ ойыншықтар (үлкен иттер) мүгедек балаларға берілді. Олар: Саден Елдос, Қойшыбай Айдын, Чернов Михаил.

Бюджеттік «Всеобучтан»  291316 теңге бөлініп,  қыстық  курткалар, қыстық етіктер, жылы киімдер, спорттық киімдер, жемпірлер, водолазкалар, қолғаптар, жылы шұлықтар, футболкалармен  50 бала қамтылды.

   2017-2018 оқу жылының І-ші жартыжылдығында қамқоршылық кеңестің, ұйымдастыруымен мектеп әкімшілігінің қолдауымен   18 «ШҚ»   шақырылып,   акциялар,    марафон өткізілді.   146 900  теңге ақшалай  түстіп, қажетті бағыттарға жұмсалынды.  

Оның  ішінде :

  • 18 000 теңгесіне киім алынды.
  • 28900 теңгесіне мектеп қабырғасына стендтер жаңартылды.
  • 50000 жылу жұйесі нығайтылды.

Екінші жарты жылдықта Акция «ЗАБОТА - 2018» өтті.  Оның барысында қаржылай 84 000 тенге түсті. Қамқоршылық кеңестің шешуімен қажетті бағыттарға бөлінді:

  • терезе перделер алынды – 23 830 т.
  • балалар мерекесіне (форма) – 53 500 т
  • стенд – 5000
  • электр. жөндеуіне (автомат) – 1750 т

2. Саяси бағытында

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында атқарылған іс-шаралар: жетім қалған, көпбалалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға Ескелді аудандық білім бөлімінің тарапынан «ЭКСПО-2017» экскурия ұйымдастырылды, қамқоршылық кеңесінің көмегімен біздің мектептен 3 оқушыға  жолдама берілді: 1. Озат Айсәуле (жетім); 2. Осипенко Евгений (жағдайы төмен); 3. Жарқын Сайран (көпбалалы).

   Тамыз айында Ш. Уәлиханов мемориалдық мұражайына, Н.Алдабергеновтың мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, оған көпбалалы және жағдай төмен,   жетім 28 оқушы қатыстырылды.  

    «Алтын емел» және «Айғай құм» деген жерлерге экскурсия ұйымдастырылып,  25 оқушы барды.

     Күз айының каникулында Талдықорған қаласындағы М. Тынышпаев мұражайына 51 оқушы апарылды.

29 қазан күні мектепте «Қарттар күні» өткізілді. 8 апаға  дастархан жайылып, концерт көрсетілді.

  1. желтоқсан күні «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» іс-шарасы өтті.

          22 Наурыз күні ауылда Наурыз мерекесі өтті.

3. Экономикалық бағытында

      Карипов Қ.А. балабақшаның жылыту жүйесін жақсартуға  атсалысып

   50 000   теңгеге  2 жылу пешін алып берді.

   4 қарашадағы өткен «Қайырымдылық марафонынан» түскен қаржыдан мектепке оқу  рекрияцияларының  қабырғаларындағы стендттер талапқа сай  жаңартылды (6 стенд) : «Рухани жаңғыру», «Адал ұрпақ», «Терроризимге қарсы», «Спорт озаттары»,  «Спорт әлемінде», «Мектеп лигасы».  

Оған 28900 теңгеге жұмсалды.

     Жыл бойы мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында жаңа бағдарламаларды  іске асыру барысында мұғалімдер арасында семинарлар  ұйымдастырылып отырады. «Ұздік  сабақтар» атты   ашық сабақтар өтізіледі.  Пән апталықтарында пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында  сабақтан тыс қызықты   іс-шаралар өткізіледі.  Мұғалімдер    жаңартылған мазмұнды сабақ берудің әдіс-тәсілдерін  меңгеру мақсатында,  аудандық білім бөлімінің жоспары бойынша, оқыту курстарына уақытында жіберіліп отырады.

    Оқушылдардың білім сапасы мониторингін шығару барысында, тоқстан соңында әкімшілік бақылаулар, срезтер, тесттер   жұмыстары  алынып отырады.

    Әрбір іс – шараларға,  ашық сабақтарға, күнделікті өткізілетін сабақтарға   ата-аналар шақыртылып, қатыстырылады.

 Оқу жылы 263 оқушы мен аяқталды:

  • үздік оқушылар саны – 45
  • екпінді оқушылар саны – 97
  •  білім сапасы көрсеткіші – 55,3 %

     Бітіруші  түлектер саны -  23, оның ішінде 16-сы ҰБТ-ден өтті.

    Жоғары оқу орындарына грантқа - 6 оқушы түсті (2 – Ресейге, 4 – Қазақстанда).

    Колледждерге грантқа  - 5 оқушы түсті. 2 оқушы - жұмысқа орналасты.

1 - әскері міндеттін атқаруына шақырылды.

25 әйел мұғалімдер 2000 т гүл отырғызатын ыдыстар алынды.

8 ер мұғалімдер  5000 т қосылып мәжіліс залына қолдаң ждасалған гүлдер алынды. Бұл мектеп мұғалімдерінің мектеп экономикасынан қосқандары. Барлығы мұғалімдер жағынан 90000 т.қомек қорсетілді мектепке. Осы ақшадан 50000 стендтар жаңартылды, билборд алынды және мерекелік туылар алынды.

Қызырбек Оразбек-20000т , Ғылымқан Мәуліт-10000 т, Мектеп директоры-7000 т, мектеп директордың орынбасары Оханов И.-7000 т. Қосылып шығаберіс есік жаңартылды.

 

 

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы:                                   Коптлеуова Г.М.

Хатшысы:                                                                                 Диханбаева М.А.

Қоңыр ОМ

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері

2018-2019 оқу жылы

Мекеме атауы

Қамқоршылық кеңесінің бекітілген күні, бұйрығы

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері

Жұмыс орны

Қамқоршылық кеңесіндегі міндеті

«Ескелді ауданы әкімдігінің Қоңыр орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

№177  02.09.2018

Шынтеміров Алмас

Жеке шаруа қожалығы

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы

Изатова Айгүл

Жұмыссыз

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Биғалиев Асқар

Қоңыр ауылдық округінің әкімшілігі

Бас маман

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Орманова Сәнгүл  

Жеке шаруа қожалығы

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Қазиолла Мұрәділ  

Жұмыссыз

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Дуйсебаев Қуат

Жеке шаруа қожалығы

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Жантасова Айжан   

Жұмыссыз

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Нұрғамитов Бауыржан

Жеке шаруа қожалығы

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Бекова Толқын

«Қызғалдақ» балабақшасы

Тәрбиеші

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

 

 

 

 

 

Члены Попечительского Совета

2018-2019 учебный год

Наименование организаций образования

Дата создания ПС (число, месяц, год),

№ приказа

Члены ПС

Место работы, должность

Должность в попечительском совете

 

КГУ СШ Коныр

Ескельдинского  района

№177  02.09.2018

Шынтеміров Алмас

Кх"ЖУЛДЫЗ" 

председатель   ПС    

Изатова Айгул

не работает

член ПС

Биғалиев Асқар

Акимат сельского округа с.Коныр

Гл.спецалист

член ПС

Орманова Сәнгүл  

председатель   КХ  

член ПС

Қазиолла Мұрәділ  

не работает

член ПС

Дүйсебаев Қуат

председатель   КХ  

член ПС

Жантасова Айжан   

не работает

член ПС

Нұрғамитов Бауыржан

председатель   КХ  

член ПС

Бекова Толқын

Д/C "Қызғалдақ"

Воспитатель

член ПС

 

 «Ескелді ауданы әкімдігінің Қоңыр орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің 2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында

Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмысы туралы

 

 ЕСЕБІ

Мектепте Қамқоршылық кеңесі құрылған, іс-шара жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілуде, тоғыз адамнан құрамы бекітілген.  Жоспар бойынша қамқоршылық кеңесінің екі отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланып отырды. Мектеп бойынша көп балалы отбасы 11, аз қамтылған отбасы 21, толық емес отбасы 2, соның ішінде барлығы  75 оқушы бар. Жалпыға білім беру қорының есебінен 35 оқушыға және жалға алушының есебінен 10 оқушыға бір уақыт тегін ыстық тамақ мектеп асханасынан берілуде.

2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында «Мектепке жол» акциясы барысында аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға ауылымыздың жеке шаруа қожалығы А.Д.Шынтеміров 20000 (жиырма мың) теңге көлемінде жаңа оқу жылына арнайы мектеп құралдарын алып беріп,  өз көмегін көрсетті.  2018 жылдың 29 қазанында Қамқоршылар күніне арналған «Аялы алақан» атты сыныптан тыс шара ұйымдастырылды. (Концерттік бағдарлама, спорттық шаралар) қамқоршылар үшін ашық есік шарасы өткізілді. Қамқоршылар кеңесінің мүшелері, ұстаздар ұжымы, оқушыларымызға  ізгі тілектерін білдіріп, мерекемен құттықтап жақсы көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар балалардың ең сүйіп күтетін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында толық емес отбасының оқушысы Жансейіт Самғат облыс әкімінің жаңа жыл шыршасына қатысып, арнайы сыйлықтар алды. Мектебімізде ұйымдастырылыған жаңа жыл ертеңгіліктерінде оқушыларымызға түрлі тәттілер, сыйлықтар таратылды.
Мектептегі қамқоршылық кеңесі мектептің әр түрлі ішкі және сыртқы қоғамдық жұмыстарына араласып, мектеп ұжымымен әрқашан байланыста. Ақпан айында «Жүрегім толы мейірім» қайырымдылық акциясы аясында жәрмеңке өткізілді. Мектептің аз қамтылған отбасы және көп балалы отбасынан шыққан балаларға жәрмеңкеден түскен қаржыдан жалпы сомасы 36000 (отыз алты мың) теңге көлемінде қажетті киімдер алынды.

Дәстүрлі түрде өткізілетін мектепішілік іс-шараларға кеңестің қосатын үлесі зор. Оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақтың дұрыс ұйымдастырылуын бақылап  отырады. Кезекті отырысында 2019-2020 оқу жылының мақсат-міндеттерін қойып, жоспарларын айқындап, қамқоршылық кеңесінің төрағасы кеңес мүшелеріне және мектеп директорына ынтымақтастықта жұмыс жасап жатқандықтарына, балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын білдірді.

 

 

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы                     А.Д.Шынтеміров

                                     Хатшы                           П.О.Каирбекова

 

 

 

«Средняя школа Коныр Акимата Ескельдинского» района

коммунального государственного учреждения

 

В школе создан Попечительский совет в составе девять человек. Работы ведутся по составленному плану. По плану  Попечительский  совет провел два заседания на повестке дня обсуждались текущие работы. По школе  малообеспеченных семей  21(двадцать один), многодетных семей 11(одиннадцать), неполных 2(два), в общем всего 75 (семьдесят пять учеников). За счет общеобразовательного фонда  35 (тридцать пять) учеников и за счет арендодателя 10 (десять) учеников обеспечены одноразовым горячим питанием в школьной столовой.

I полугодие 2018 -2019 учебного года выше названным семьям по акции

 «Дорога в школу» оказана помощь КХ Шынтемировым в размере  20000 (двадцать тысяч) в виде канцелярских принадлежностей, тем самым внес свой вклад в доброе дело.

В школе провели внеклассное мероприятие 29 октября под названием «Аялы алақан» посвящены  ко дню попечительства. Попечителями организовано день открытых дверей, проведена концертная программа, спортивные мероприятия. Члены Попечительского  совета, учителя выразили огромную благодарность ученикам, поздравили с праздником и подарили хорошее настроение.

В канун долгожданного праздника Нового года из неполных семей Жансейт Самғат участвовал в областной  Новогодней елке, получил  подарки. А также в школе при проведений Новогодних  утренников ученикам дарили подарки и сладости.

Школьный Попечительский совет  тесно связан с коллективом школы при проведении внутренних и внешних общественных работ. В феврале месяце была проведена ярмарка по акции «Жүрегім толы мейірім»,  на вырученные  деньги в размере 36000(тридцать шесть тысяч тенге) были куплены необходимые вещи малообеспеченным семьям. При проведении внутришкольных мероприятий Попечительский совет вносит большой вклад. Попечительский совет организует и контролирует организации и обеспечение бесплатного горячего питания. В очередном заседании поставили цели и задачи на 2019-2020 учебный год, определили план. Председатель Попечительского совета выразил благодарность членам совета,  директору школы за тесное сотрудничество по оказании опеки над детьми.

 

Председатель  Попечительского совета                           Шынтемиров А.Д

                                                              Секретарь                           Каирбекова П.О

 

Copyright © 2017, Отдел образования Кербулакского района Алматинской области
 

Вход