Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі " >
Алматы облысы
"Ескелді ауданының
Білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 
Галереядан сурет

РЕНАТ БЕКТҰРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» өткізді.

Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді.
Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма мүшесі.
Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. Ол ТМД аймағындағы сукук (ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан.
Ренат Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленген, сондай-ақ сертификатталған қаржы аналитигі дәрежесіне ие (CFA Charter Holder).
Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орынға ие болды.
Р.Бектұров өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы», - деді.
Сондай-ақ жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, жетістіктің құпия тұздығы – сәттілік, бірақ негізгі құрамдас бөлігі – еңбек.
Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.
Бейне-дәріс барысында көрермендер қандай мектеп мұғалімі өміріне әсер еткенін, оның ойынша жастар үшін сәттіліктің кепілі не екенін және зияткерлік ұлтты қандай қасиеттерді анықтайтынын білді.
Бәрімізге белгілі, «Адалдық сағаты» акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарын дарыту.

Жетісу - Адалдық алаңы

АРДАҚ НАЗАРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті онлайн «Адалдық сағатын» аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткізді.

Бейне-дәрістің кейіпкері спорттағы өмірін 1991 жылы грек-рим күресі секциясына келгеннен бастаған.

А.Назаров спорт жолында грек-рим күресі, джиу-джитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүлдегер атанған.

Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды.

Өз сөзінде «Парасатты адам деп кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп атап өтті. 

А. Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады, «басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығып жатқанда, мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағат дайындыққа уақыт бөлгенде, мен одан екі есе көп жұмыс жасадым» деді.

Бүгінде әлем чемпионы – көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

«Адалдық сағаты» акциясы аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жұмыстары жалғастырылатын болады.

 

Бейне-дәріске сілтеме: 

https://www.youtube.com/watch?v=s9LHdfynaX0&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі онлайн-кездесу

14.10.2020 жылы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бейнебайланыс арқылы мектеп директорлары және аудандық білім беру ұйымдарының әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдердің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесудің басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу болып табылады. Шара барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (E-zhetysu.kz), Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдердің міндеттемелері туралы айтылды

Балабақша меңгерушілерімен бейнебайланыс арқылы жиын

2020 жылдың 09 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның балабақша меңгерушілерімен бейнебайланыс арқылы жиын өткізді. Отырыс барысында басты тақырып: Ұлттық бірыңғай деректер қорының дұрыс толтырылуына ерекше назар аударылып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі, оның ішінде балабақшаға кезекке тұру, Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі түсіндірме жұмыстары туралы айтылды.

Copyright © 2017, Алматы облысы Ескелді ауданының білім бөлімі

 

КІРУ