Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі " > |
Алматы облысы "Ескелді ауданының Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
|
|
2020 жылдың 04 қазан күні аудандық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағылшын тілінде оқытатын ЖМЦ пәні мұғалімдерімен вебинар өткізілді. Вебинардың мақсаты: пән мұғалімдерінің ассоциациясы туралы Ережелермен таныстыру және ассоциацияның мүшелерін тағайындау, педагогтардың кәсіби дамуына жағдай жасау, өзара педагогикалық тәжірибе алмасу, білім сапасын арттыру.
20.10.2020 жылы аудандық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Padlet" виртуалды тақтасының мүмкіндіктерін пайдалану туралы іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Тақтаның мүмкіндігі арқылы барлық ресурстар бір жерде жиналады және жоғалмайды. Нақты уақыт режимде виртуалды тақтаның мүмкіндігі көрсетілді және тіркелу алгоритмі ұсынылды. Іс-шара барысында тақтаны пайдалана отырып кері байланыс берілді.
Бүгін аудандық оқу-әдістемелік орталығы және аудандық коррекциялық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен "Аутистік спектрі бұзылған балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу жолдары" тақырыбында онлайн оқыту семинары өткізілді. Семинарға мектептердің логопед, дефектологтары қатысты. Шараның басты мақсаты аутистік спектрі бұзылған балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу жолдары туралы түсінік беріп, пікір алмасу
19.10.2020 жылы Ескелді ауданының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен OQUSoft платформасында мектеп директорларымен іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Семинарда Қаратал орта мектебінің мектеп әкімшілігі «Мектеп әкімшілігінің бір күні» тақырыбында шығармашылық кездесу өткізді. Шығармашылық кездесуде қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар, ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетудің жолдары, ақпараттандыру саласындағы атқарылған жұмыстардың, тәрбие саласында атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралардың таныстырылымы басшылар назарына ұсынылды. Сонымен қатар, Шестаков атындағы орта мектебінің директоры Н.Смагулова «BilimLand» платформасындағы сабақ өткізуді қадағалау және бақылау функцияларымен таныстырды.
14.10.2020 жылы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бейнебайланыс арқылы мектеп директорлары және аудандық білім беру ұйымдарының әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдердің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесудің басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу болып табылады. Шара барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (E-zhetysu.kz), Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдердің міндеттемелері туралы айтылды
2020 жылдың 09 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның балабақша меңгерушілерімен бейнебайланыс арқылы жиын өткізді. Отырыс барысында басты тақырып: Ұлттық бірыңғай деректер қорының дұрыс толтырылуына ерекше назар аударылып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі, оның ішінде балабақшаға кезекке тұру, Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі түсіндірме жұмыстары туралы айтылды.
16.10.2020 жылы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бейнебайланыс арқылы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кезекті онлайн семинар-кеңес өткізілді. Семинарға ЖПБ аға инспекторы, полиция майоры Э.Намазиманова қатысып, ауданда жүргізілетін рейд жұмыстары жайлы айтып өтті. Сонымен қатар, шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Дәрменбекова және Қарабұлақ орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Раимбекова 2020-2021 оқу жылының тәрбие жоспарымен жұмыс істеу бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Жұмыс барысында әр түрлі мәселелер де талқыланды.
30.10.2020 жылы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бейнебайланыс арқылы кеңейтілген ата-аналар жиналысы өткізілді. Байланысқа аудан бойынша 200-ден аса ата-аналар қосылды. Шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының ата-аналар комитетінің төрайымы Л.Ахметова 2019-2020 оқу жылында атқарған жұмысы туралы баяндап өтті. Жиналыс кезінде аудан оқушыларының 2019-2020 оқу жылындағы (пандемия кезіндегі) жетістіктері, "Мектепке жол-2020" акциясы туралы және басқа да әр түрлі мәселелер талқыланды.
2020 жылдың 13 қараша күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бейнебайланыс арқылы мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен жиналыс өткізілді. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылдың 05 қарашадағы №30 қаулысының негізінде контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі мектептерде кезекше сыныптардың жұмысы рұқсат етілген. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты ауданымыздың біраз мектептерінде 1-4 сыныптары аралығында кезекші сыныптардың ашылынуы жоспарлануда. Осы мәселе оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға туындаған сұрақтар бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
2020 жылдың 17 қараша күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп директорларымен бейнебайланыс арқылы жиын өткізілді. Шара барысында оқушылардың қорытынды аттестаттауға дайындығы талқыланып, КАЗ БІЛІМ порталымен таныстыру, Білім Лэнд порталындағы Айтест, Твиг Білім, Виртуалды зертхана туралы және аудан білім мекемелеріндегі қорытынды аттестаттауға арналған дайындық жұмыстары, 11 сынып оқушыларының 1 тоқсан білім сапасы туралы айтылды. Сонымен қатар, туындаған әр түрлі мәселелер талқыланды.
2020 жылдың 24 қараша күні аудандық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудандық онлайн оқыту семинары өткізілді. Семинар тақырыбы: "Инклюзивті білім беру бойынша балалардың танымдық процестерін және жалпы сөйлеу тілін дамытатын инновациялық технологиялар". Шара барысында Маметова атындағы орта мектебінің педагог-психологі Н.Досжанова, дефектолог А.Хусаинова, логопед М.Есмурзаева, әлеуметтік педагог А.Касымбаева арнайы дайындаған презентацияларын ұсынып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жұмыс барысында сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.