Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі " >
Алматы облысы
"Ескелді ауданының
Білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 
Галереядан сурет

ЖЕТІМ БАЛАЛАР МЕН АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ӨЗ ОТБАСЫНА ТӘРБИЕЛЕУГЕ ҚАБЫЛДАУҒА ТІЛЕК БІЛДІРГЕН ҚР АЗАМАТТАРЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛАУ КУРСЫ.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 24.04.2020 жылғы №158 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары психологиялық даярлаудан өтуі тиіс.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарға психологиялық даярлаудан өту курсы 3 ай, аптасына 1 рет «Skype» қосымшасы арқылы онлайн режімінде «Айналайын», облыстық №1 балалар үйлерінде және Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында өтеді. Балалар үйлерінің жауапты қызметкерлердің байланыс телефондары:
- Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйі: Әлеуметтік педагог - Оналбаева Назгүл Талгатқызы, психолог – Егинбаева Мөлдір Орныкбайқызы. 8(7282) 32-82-51, 30-23-22.
- Алматы қаласында орналасқан облыстық №1 балалар үйі: Әлеуметтік педагог - Кадырова Әсел Кадырқызы, психолог - Мендекулова Сәуле Алиппаевна. 8(7272) 69-62-40.
- Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты: Әлеуметтік педагог - Рахимбаева Ұлтуар Даиркажиевна, психолог - Каримова Айман Кайрдиновна. 8(72831) 9-12-69.

 

 

 

Күзгі демалыс

«Әліппе» оқу бағдарламасы бекітілді

«Әліппе» оқу бағдарламасы бекітілді

«Әліппе» оқу бағдарламасын тілтанушы ғалымдар, әдебиеттанушылар, әдіскерлер мен педагогтер әзірледі, сондай-ақ осы бағытта үлкен тәжірибесі бар өткен жылдардағы «Әліппе» бағдарламалары мен оқулықтарының авторлары да тартылды.

Оқу бағдарламасын әзірлеуде қазақ халқының белгілі ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізге алынды.

Енді 2021-2022 оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары алғашқы екі тоқсанда «Әліппе», ал үшінші және төртінші тоқсанда «Ана тілін» оқитын болады.

Сондай-ақ орыс тілінде білім алатын бірінші сынып оқушылары жаңа оқу жылынан бастап алғашқы екі тоқсанда «Букварь», ал үшінші және төртінші тоқсанда «Обучение грамоте» пәндерін оқитын болады.

«Букварь» оқулығын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы да өз жұмысын аяқтап, оқу бағдарламасы бекітілді. Енді бұл оқулық бойынша да апробация жүргізіледі.

 

Copyright © 2017, Алматы облысы Ескелді ауданының білім бөлімі

 

КІРУ