Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі " >
Алматы облысы
"Ескелді ауданының
Білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 
Галереядан сурет

«Ескелді ауданының білім бөлімі» ММ бос басшылық лауазымға конкурс жариялайды:

«Ескелді ауданы әкімдігінің Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»  КММ директоры (мекен-жайы: Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Тоқтаров к-сі, 9). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 124830 теңгеден 151353-ға дейін).

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. 1950 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 625 орындық. 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) педагогикалық білім және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) кәсіби құзіреттілігінің болуы: педагог-сарапшыға, педагог-зерттеушіге, педагог-шеберге қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы (мемлекеттік қызметшіні, ЖОО және әдістемелік қызметкерлерін қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін,  қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы  13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012  жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде өткізіледі.

«Ескелді ауданының білім бөлімі» ММ хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысанға сәйкес медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

9) Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) Тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

11) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары (болған жағдайда) туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

3) облыстық білім беруді басқару органымен кандидаттарды келісу;

4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» тестілеу жүргізіледі.

Шекті деңгейді жинамаған кандидаттар комиссияның шешімімен облыстық білім беруді басқару органы жанындағы комиссия отырысына әңгімелесуге жіберілмейді.

Конкурстың өткізілу уақыты жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес белгіленеді.

Конкурстың өткізілу орны «Ескелді ауданының білім бөлімі» ММ.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: индекс 040500, Қарабұлақ ауылы,  Оразбеков көшесі, 31 үй, «Ескелді ауданының білім бөлімі» ММ.  Анықтама телефондары: 8 (72836) 30774, 31200

 

Ескелді ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

         Индекс 040500, Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі № 67, телефон/факс:  8(72836) 3-03-27, Эл. мекен-жай: eskeldy-kadry@mail.ru, БИН 990640002587, Электрондық пошта: www.eskeldy.zhetysu.gov.kz

 

         Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 10-18 тамыз күндері аралығында

         Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

         1) Өтініш;

         2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

         3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

         "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

         "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

         Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өтетін орны:  Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі № 67.

         Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар мен сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

         3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест                  (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

           Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

         Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

         Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды

         «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.

 Тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.

 Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды.

 Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды.

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»       Заңының 27- бабы, 8-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер  жалпы конкурсқа қатысқан жағдайда,  тестілеуден өткені туралы сертификат және уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындыны өткізу талап етілмейді.

E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

         мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

         жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

        

 

 

  1. Ескелді аудандық білім бөлімінің бас маманы, лауазымдық

жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95209 теңгеден 128834 теңгеге дейін, Е-R-4 санаты, индексі (27-01-02), 1-бірлік тұрақты.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Білім (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе шетел тілі және/немесе тарих және/немесе физика және/немесе математика және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе информатика және/немесе география және/немесе мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру және/немесе педагогика және психология және/немесе алғашқы әскери дайындық және/немесе дефектология және/немесе музыкалық білім және/немесе бейнелеу өнері және сызу және/немесе дене шынықтыру және спорт және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану және/немесе химия және/немесе биология және/немесе шет тілі: Екі шет тілдер және/немесе педагогикалық өлшеу және/немесе физическая подготовка және/немесе казахская филология  және/немесе персоналды басқару және/немесе білім (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе білім (орыс тілі және әдебиеті) және/немесе білім (Қазақ тілі және әдебиеті) және/немесе тарих, құқық және экономика негіздері пәндерінің мұғалімі және/немесе тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша)); Гуманитарлық ғылымдары (филология және/немесе тарих); Жаратылыстану ғылымдары (биология  және/немесе химия және/немесе математика және/немесе информатика және/немесе география және/немесе физика); Әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару)

         Функционалдық міндеттері: Аудандық білім бөлімінің инспекторлық жұмыстарын ұйымдастырады, жүргізеді, аудан мектептерін дамыту жайында ұсыныстар жасайды және қарастырады, жалпыға бірдей білім беру жұмыстарының барысын қадағалайды, жұмыс  жоспарын дайындап қамтамасыз етеді; Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының жұмысын, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырады,  жиналыс, семинарлар өткізу, жұмыс жоспарын дайындауды  қамтамасыз етеді; Мемлекеттік білім беру ұйымдарының лицензиялау жұмысын үйлестіреді; Білім беруді дамытудың әлуметтік – экономикалық жоспарларын құрастырумен және сыныптарды  толықтырумен айналысады; Мемлекеттік «Білім» бағдарламасын орындау барысы  туралы  құжаттарды дайындайды; Ыстық тамақпен қамту жұмыстарын ұйымдастырады; Лауазымдық нұсқаулықтарға және бөлім басшысының тапсыруымен басқа да міндеттерді атқарады; Мемлекеттік тілді білуі және компьютерде жұмыс істей білу.

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

 

Нысан

 

 ____________________________________

 

(мемлекеттік орган)

Өтініш

         Мені ________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

         "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

         Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

         Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын

         трансляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                      (иә/жоқ)

         Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

         Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мекен жайы: ___________________________________________________

      Байланыс телефоны: _____________________________________________

      e-maіl: _________________________________________________________

      ЖСН: _________________________________________________________

      _________ __________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

Нысан

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

 

__________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_______________________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

_________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /
Дата и место рождения


 

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /
Национальность (по желанию)


 

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей


 

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения


 

 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)


 

 

 

6.

Шетел тілдерін білуі /
Владение иностранными языками


 

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)


 

 

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)


 

 

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)


 

 

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)


 

 


 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ


 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации


 

қабылданған /
приема

босатылған /
увольнения


 


 


 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

_____________________
Кандидаттың қолы /
Подпись кандидата

_______________
күні / дата

 

 

 

 

 

"Б"корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
6-қосымшасы

                 Нысан

 

 

         Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ

 

Лауазым

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Шешім (жіберілді / жіберілген жоқ)

Жіберілмеу себебі

1

Ескелді аудандық білім бөлімінің бас маманы

Умирбекова Арайлым Мухтаровна

жіберілді

 

 

Жаканова Шолпан Абилевна:______________________________________

      (Ескелді ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісі, комиссия хатшысы)

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
7-қосымшасы

 

Нысан

 

 

Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ

 

Лауазым

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты

Эссе өтетін орны, күні және уақыты

1

Ескелді ауданы білім бөлімінің бас маманы

Умирбекова Арайлым Мухтаровна

Ескелді ауданының білім бөлімі, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі, 31,

20 тамыз 2020 жыл, 10:00

 

 

Жаканова Шолпан Абилевна:______________________________________

      (Ескелді ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісі)


Copyright © 2017, Алматы облысы Ескелді ауданының білім бөлімі

 

КІРУ