Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі " > |
Алматы облысы "Ескелді ауданының Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
|
|
Ескелі ауданы әкімдігінің 2012
жылғы «10» желтоқсандағы № 307
қаулысымен бекітілген
«ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БӨЛІМІ»
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ЕРЕЖЕСІ
«ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
(Аудан әкімдігінің 2012 жылғы «10» желтоқсандағы № 307 қаулысымен бекітілген)
1. Жалпы ережелер
1. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі саласында басшылықты жузеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мынадай ведомстволары бар:
1) Ескелді ауданының жалпы білім беретін мекемелер.
3. «Ескелді ауданының бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Казақстан Республикасыньң Конституциясына жэне білім туралы заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме уйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде оз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген улгідегі бланкілері, сондай-ақ Казақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлімнің құрылтайшысы - Ескелді ауданы әкімінің аппараты болып табылады.
6. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық катынастарға өз атынан түседі.
7. «Ескелді ауданының бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының, заңнамасында көзделген баска да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
9. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері.
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ескелді ауданы, индексі 040500, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі №31 үй.
11. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
12. Осы Ереже «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
13. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
14. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
15. Егер « Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі мінеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
16. Міндеттері:
1. Білім алуға барлық азаматтардың Конституциялық құқығын қамтамасыз ету.
2. Білім беру жүйесіндегі жағдайы, қанағаттану сатысындағы қажеттілікті талдау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандартының орындалуын қадағалайды.
3. Оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында аудан бойынша өткізілетін оқу-тәрбиелеу, іс-тәжірибелерінің ғылыми-әдістемелік материалдарымен қамтамасыз етеді.
4. Мекеме аудандық білім мекемелерін педагогикалық және басқару кадрларымен қамтамасыз етуді іске асырады және жас мамандарды дайындау ісіне қолдау көрсетеді.
5. Қаулы, шешім жобаларын, жарғыларын аудан әкіміне қарауына белгіленген тәртіппен ұсынады.
6 . Білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту мен сақтау жөніндегі ұсыныстарын аудан әкіміне қарауына белгіленген тәртіппен ұсынады.
7. Аудандық білім мекемелерінің оқулықтар және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету жөнінде талдау жасайды. Әдістемелік материалдардың бағдарламасының қамтамасыз етуін бақылайды.
8. Аудан әкімінің және облыстық білім басқармасының келісімімен жалпы білім беру, мектеп жасына дейінгі мекемелердің басшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
9. Жаңашыл ұстаздардың шығармашылық ізденістерін қолдайды, олардың іс-тәжірибелерімен танысады және таратады. Аудандық білім мекемелерінің басшылықтарының білімін жетілдіру сұрақтарымен айналысады.
10. Белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыста ерекшеленген білім беру қызметкерлерінемарапаттау және құрметті атақ беру жөнінде құжаттарын дайындайды.
11. Білім бөлімі заңда белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қарайды. Олардың заңды талаптармен негізделген өтініштерінің орындауы қамтамасыз етеді, сондай-ақ ведостволық бағытындағы мекемелермен кәсіпорындарын қызметінде анықтаған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды.
12. Білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетеді
17.Функциялары:
1) ведомствалардың функциялары:
1. Оқушылардың бастауыш, жалпы, негізгі жалпы және жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнын міндетті игеруі;
2. Алуан түрлі және көп қызметті білім беру үймдарының тиімді дамуына жәрдемесу;
3. Әлеуметтік ауытқымалы жағдайларға бейімделуге қабілетті тұлғаның дамуы үшінжағдайлар туғызу;
4. Оқушылардың дара қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар туғызу;
5. Оқытудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы білім беру бағдарламалары мен педагогтік үрдістерді жүзеге асыру;
6. Балаларды тәрбиелеу және оқыту;
7. Жалпы бастауыш, жалпы негізгі және ортажалпы білім беру бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын тарату;
8. Оқушылар қабілеттерін айқындау және дамыту мақсатында білім беру жүйесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету;
9. Педагогика мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдер) көмегімен арқылы кеңес беру;
10. Білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және еңгізу;
11. Әрбір баланың жеке ерекшіліктері мен мүмкіндіктерін есепке алаотырып, балалардың ақыл-ой, адамгершілік, дене бітімі, эстетикалық, эмоциялық, танымдық қабылеттерін дамыту.
12. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;
18.Құқықтары мен міндеттері:
1. Білім саласындағы тұрғындар арасындағы туындаған өзгерістерді талдайды.
2. Білім беру жүйесінің жағдайын қанағаттану сатысындағы қажеттілікті талдау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандарттарының орындалуын қадағалайды. Білім беру жүйесінің даму стратегиясын бақылайды.
3.Оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында аудан бойынша өткізілетін оқу-тәрбиелеу, іс-тәжірибелерінің ғылыми- әдістемелік материалдарымен қамтамасыз етеді.
4. Мекеме аудандық білім мекемелерін педагогикалық және басқару кадрларымен қамтамасыз етуді іске асырады және жас мамандарды дайындау ісіне қолдау көрсетеді.
5. Қаулы, шешім жобаларын, жарғыларын аудан әкіміне қарауына белгіленген тәртіппен ұсынады.
6. Білім және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту мен сақтау жөніндегі ұсыныстарын аудан әкіміне қарауына белгіленген тәртіппен ұсынады.
7. Аудандық білім мекемелерінің оқулықтар және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету жөнінде талдау жасайды. Әдістемелік материалдардың бағдарламасының қамтамасыз етуін бақылайды.
8. Аудан әкімінің және облыстық білім басқармасының келісімімен жалпы білім беру, мектеп жасына дейінгі мекемелердің басшылығын қызметке тағайындайды және босатады.
9. Жаңашыл ұстаздардың шығармашылық ізденістерін қолдайды, олардың іс тәжірибелерімен танысады және таратады. Аудандық білім мекемелерінің басшылықтарының білімін жетілдіру сұрақтарымен айналысады.
10. Белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыста ерекшеленген білім беру қызметкерлеріне марапаттау және құрметті атақ беру жөнінде құжаттарын дайындайды.
11. Білім бөлімі Заңда белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініштерін шағымдарын қарайды. Олардың заңды талаптармен негізделген өтініштерінің орындауы қамтамасыз етеді, сондай-ақ ведомстволық бағытындағы мекемелермен кәсіпорындарын қызметінде анықтаған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды.
12. Білім бөлімі шартты бастамамен келісім шарт негізінде білім саласының /ғылыми ақпараттық қамтамасыз ету және жүзеге асыру үшін білім/ ұжымдарын орталықтарды, баспаларда, жекелеген ғалымдарға. Бюджеттен қаржыландырылатын мәселелер қазынашылық бөлімшесінде тіркеуден өткізіледі.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзегеасыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесқызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатынорынбасарлары болады.
21. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшының өкілеттігі:
22. Бөлімді бастық басқарады. Бөлім бастығын лауазымға тағайындап, лауазымды қызметінен босатуды аудан Әкімі конкурстық негізінде жүргізеді.
23. Бөлім бастығы бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырады және басқарады, сонымен қатар, бөлімге жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді жүзеге асыруда жекелеген жауапкершілікті жүктейді.
24. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін бөлім бастығы:
- өз мамандарының қызмет бабын анықтайды, өзінің міндетті шегінде барлық білім мемлекеттік органдар мен ұйымдарда әрекеттегі заңдылықтарға сәйкес бөлім өкілі болып табылады.
-Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі заңы, мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес бөлім мамандарын қызметке тағайындайды және босатады, бөлім қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді, қолданылып жүрген Заңдарға сәйкес оларға тәртіптік жаза қолданады;
-бөлімнің құрамы мен штаттық кестесі. Оларды ұстауға бекітілген сметалық шығындар туралы аудан әкіміне ұсыныс еңгізеді;
- өз саласы аясында бұйрық шығарады, Кеңес отырыстарының қаулыларын бекітеді;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
-Бөлім бастығы жоғарғы тұрған органдардың шешімдері мен тапсырмаларының орындалуына жедел бақылау жасайды жәнешаруашылық қызметін жүргізеді.
«Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші бастығы болмаған кезеңде « Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заннамаға сәйкес белгілейді
26. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.
4.Мемлекеттік органның мүлкі
27. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Ескелді ауданының бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
28. "Ескелді ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/ коммуналдық меншікке жатады.
29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе," Ескелді ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
30. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1. МДШО Ш.Уәлиханов АОМГ
2. МДШО Н.Алдабергенов АОМ
3. МДШО Қарабұлақ ОМ
4 МДШО Титов АОМ
5. МДШО Шестаков АОМ
6. МДШО Абай АОМ
7. МДШО Мәметова АОМ
8. МДШО Т.Рүстембеков АОМ
9. Жетысу ОМ
10. Қоныр ОМ
11. МДШО Көктөбе НОМ
12. Ж. Жақыпбаев АОМ
13. МДШО Жалғызағаш ОМ
14. МДШО Қаратал ОМ
15. Балпық би АОМ
16. МДШО Бақтыбай Жолбарысулы АОМ
17. МДШО Сейфуллин АОМ
18. МДШО Ш. Уәлиханов АОМ
19. МДШО Байысов АОМ
20. МДШО Қаблиса жырау АОМ
21. МДШО Мелькомбинат НОМ.
22. МДШО О.Кошевой АНОМ
23. МДШО Жаңалық НОМ
24. МДШО Жастар НОМ
25. МДШО Мичурин АНОМ
26. Ақешки БМ
27. Қоржынбай БМ
28. Ақтасты БМ
29. Жендік БМ
30. Екпінді БМ
Ескелді ауданының білім бөлімінің бастығы Б.Дюсебаев