Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі " > |
Алматы облысы "Ескелді ауданының Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
|
|
Базарқұлова Лязат Тілеубайқызы
Алматы облысы білім басқармасының басшысы
Базарқұлова Лязат Тілеубайқызы 1960 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Рославль ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, педагогикалық.
Ұстаздық еңбек жолын 1978 жылы Жамбыл ауданы Рославль ауылында балабақша тәрбиешісі, орта мектептің аға пионервожатыйы қызметтерінен бастаған.
1980-1985 жылдары І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқып, 1985-1987 жылдары Кербұлақ ауданы Қызылжар орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.
1987 жылы Қазақстандық Лениншіл коммунистік жастар одағының Кербұлақ аудандық комитетінің хатшысы - оқушы жастар және пионерлер бөлімінің меңгерушісі болып сайланды.
1989-1990 жылдары Талды-Қорған облыстық комсомол комитетінің халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарып, 1990-1992 жылдары облыстық комсомол комитетінің хатшысы – жастарға білім беру бөлімінің меңгерушісі болып сайланды.
1992 жылы Талды-Қорған мал-дәрігерлік техникумының бухгалтерлік бөлімі меңгерушісі болып тағайындалып, 2002 жылға дейін осы Талдықорған экономика-технологиялық колледжінің психологы, әдіскері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2002-2008 жылдары Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша, 2012-2014 жылдары Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша білім беру саласындағы бақылау департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2014 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының үйлестіру бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2014 жылдың қазан айынан бастап Алматы облысы білім басқармасының басшысы.